Страна

Теги:

«Хабар» Агенттігі мен Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жоғары сынып оқушыларына арналған ауқымды зияткерлік жоба - «XXI ғасыр көшбасшысы» ойынының жаңа маусымының басталғанын жариялады.

Биыл жоба қатысушылар саны жағынан барлық рекордтарды жаңартты - қазан айында өткен аудандық және қалалық кезеңдерге еліміздің барлық өңірінен 20 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты. Мыңдаған жоғары сынып оқушылары өздерінің кең дүниетанымын, тапқырлығын және көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Іріктеу нәтижесінде шамамен 2 300 қатысушы келесі кезең - облыстық сайысқа жолдама алды. Бұл кезең биылғы қараша мен келесі жылдың ақпан айлары аралығында өтеді.

Дәл осы кезеңде елдің ең білімді әрі зерделі оқушылары анықталып, кейін республикалық ақтық ойында өз өңірлері атынан қатысатын болады. Ойын мазмұны жан-жақты дайындықты қажет етеді: сұрақтар мен тапсырмалар жалпы білім, логика, музыка, өнер және спорт салаларын қамтиды.

Дәстүр бойынша республикалық кезең 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында өтеді. Онда әр өңірден 5 қатысушыдан, ал республикалық маңызы бар қалалардан 7-8 үміткер бақ сынайды. Үздіктер телевизиялық нұсқада жарысқа түседі - жобаның финалдық кезеңі «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Көрермен назарына тартысты зияткерлік сайыстар, ерекше сұрақтар мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас дарындардың шынайы эмоциялары ұсынылады.

Республикалық кезеңнің үш жеңімпазы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға арналған білім гранттарына және ақшалай сыйлыққа ие болады. Бұл - табандылықтың, зерделілік пен жеңіске деген ұмтылыстың лайықты марапаты.

Жоба Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің қолдауымен жүзеге асырылады.

«XXI ғасыр көшбасшысы» - бұл жай ғана телевизиялық шоу емес. Бұл - білім мен ізденісті ұштастырып, ойлы, белсенді және мақсатшыл жастарды біріктіретін қозғалыс. Мұнда болашақ көшбасшылар, ғалымдар, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қалыптасады, ал білім ел болашағын өзгертетін шынайы күшке айналады.

В КАЗАХСТАНЕ СТАРТОВАЛ ОБЛАСТНОЙ ЭТАП ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ ИГРЫ «ЛИДЕР XXI ВЕКА»

Агентство «Хабар» и Республиканский научно-практический центр «Дарын» объявили о старте нового сезона масштабного интеллектуального проекта «Лидер XXI века», рассчитанного на учеников выпускных классов.

В этом году проект побил все рекорды по количеству участников - в районных и городских этапах, прошедших в октябре, приняли участие более 20 тысяч школьников со всех регионов страны. Тысячи старшеклассников продемонстрировали широкий кругозор, смекалку и лидерские качества. По итогам отборов около 2 300 учащихся прошли в следующий этап - областной, который продлится с ноября текущего года по февраль 2026 года.

На этом этапе определятся самые сильные и эрудированные старшеклассники страны, которые впоследствии представят свои регионы в республиканском финале. Содержание игры требует разносторонней подготовки: вопросы и задания охватывают общие знания, логику, музыку, искусство и спорт.

Традиционно республиканский этап состоится в марте–апреле 2026 года. В нём примут участие победители областных туров - по 5 участников от каждого региона и по 7-8 от городов республиканского значения. Лучшие из лучших встретятся в телевизионной версии проекта, которая выйдет в эфир телеканала «Хабар». Зрителей ждут захватывающие интеллектуальные поединки, нестандартные вопросы и искренние эмоции юных талантов со всех уголков Казахстана.

Трое победителей республиканского этапа получат образовательные гранты на обучение в ведущих университетах Казахстана и денежное вознаграждение - заслуженную награду за упорство, интеллект и стремление к победе.

            Проект реализуется при поддержке Министерства культуры и информации, Министерства просвещения, Министерства науки и высшего образования, а также Мажилиса Парламента Республики Казахстан.

            «Лидер XXI века» - это не просто телевизионное шоу. Это движение, объединяющее молодых, энергичных и думающих. Здесь рождаются будущие лидеры, учёные, предприниматели и общественные деятели, а знания становятся настоящей силой, способной изменить будущее страны.


Хронометраж
Категория Jourt
Автор Жаник Иманкулов
Дата 04.11.2025

Актуальное в других разделах

Maktub
Шолпан Жабаева
JourEQ
Анжела Гарипова
Поколение возможностей
За дело
Шолпан Жабаева