«Хабар» арнасы республикалық референдум туралы өзекті сұрақтар мен халықты толғандырып жүрген маңызды сауалдар талқыланатын арнайы телемарафон ұсынады.
Арнайы жоба 3 маусым күні 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін тікелей эфирде көрсетіледі.
Іс-шараға саясаткерлер мен сараптамашылар, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт қайтарткерлері мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдері және қатысады. Телемарафон аясында көрермендер дауыс беру туралы сұрақтарға толық жауап ала алады.
Телемарафонды Денис Кривошеев, Айгүл Мүкей, Дархан Әбдуахит және Ләйлә Сұлтанқызы жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша референдум өтеді. Референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға қатысуына мүмкіндік береді.
Бейнероликке сілтеме:
https://www.instagram.com/reel/CeAgrk9jcN-/?utm_source=ig_web_copy_link