Страна

Теги:

«Хабар» Агенттігі жаңалықтар қызметінің жаңа форматын ұсынады.

30 мамырдан эфирге күндізгі жаңалықтар блогы шыға бастады.

Арна көрермендері әр күннің маңызды оқиғаларынан жылдам әрі тез хабарлар болуға мүмкіндік алды. Күндізгі шығарылымдар арнайы репортаж, спикерлермен пікір алмасу, эксклюзивті статистикалық ақпарат, интернет-платформаларға шолу жасау сияқты элементтермен толықтырылды. Сапалы және эксклюзивті бейнематериалдар ақпаратты толыққанды жеткізуге ыңғайландырылған. 

Кешкі уақытта шығатын қорытынды жаңалықтар шығарылымы «Хабар» арнасындағы негізгі оқиғаларға шолу жасайтын жаңалықтар қызметінің маңызды бөлігі болып қала береді.

Айта кетерлігі, «Хабар» телеарнасының жаңалықтары эксклюзивті, сенімді, арнайы іріктелген, ресми дереккөздерге негізделген, қанық мазмұнды ақпараттық материалдар болып табылады.

«Хабар» телеарнасындағы жаңалықтарды трансформациялау журналистік пулды, оның ішінде тілшілерді, редакторларды және жүргізушілер құрамын күшейту арқылы жүріп жатыр.

Алдағы уақытта күндізгі бөлім шығарылымдары сағат 12.00-де қазақ тілінде және 13.00-де орыс тілінде, ал «Қорытынды жаңалықтар» - 20.00-де қазақ тілінде және 21.00-де орыс тілінде көрсетіледі.

Жаңалықтардың барлық шығарылымдарын мұрағаттан және www.khabar.kz сайтынан көруге болады.


Хронометраж
Категория Jourt
Автор Айнур Асылбеккызы
Дата 31.05.2022

Актуальное в других разделах

Maktub
Шолпан Жабаева
JourEQ
Анжела Гарипова
Я
Поколение возможностей