Страна

Теги:

Халықаралық ынтымақтастық аясында Түрік телерадиокорпорациясы «Хабар» агенттігінің қызметкерлері үшін тренинг өткізді.

Оқыту барысында TRT өкілдері қазақстандық әріптестерімен цифрлық контент маркетингі бойынша жұмыс істеу дағдыларымен бөлісті, контенттің аудиторияға әсері туралы айтып, ақпаратпен қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін көрсетті.

Тренерлер ретінде TRT Дүниежүзілік зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Равале Могидин, графикалық дизайнер Озгур Аликан және цифрлық медиа маманы Сумейя Олчай болды.

«Осындай семинарлар мен тренингтер елдеріміз арасындағы бауырластық қарым-қатынастардың одан әрі дамуына септігін тигізеді деп үміттенеміз. Оқуға қатысушылар алған білімдерін іс жүзінде қолдана алатынына сенгім келеді»,- деді Сумейя Олчай.

 

Анықтама үшін:

TRT – 18 ұлттық және халықаралық телеарналарды, 19 радиостанцияны және сандық жаңалықтар платформаларын біріктіретін Түркия мемлекеттік телерадиокорпорациясы.

2018 жылдың қыркүйегінде «Хабар» Агенттігі мен TRT арасындағы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.


Хронометраж
Категория Jourt
Автор Айнур Асылбеккызы
Дата 14.06.2022

Актуальное в других разделах

Maktub
Шолпан Жабаева
JourEQ
Анжела Гарипова
Я
Поколение возможностей