Страна

Теги:
Скриншот 2:
Скриншот 3:

«Хабар» Агенттігі Иран Ислам Республикасының телерадио хабар тарату компаниясы – IRIB-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Құжатқа Қазақстан Республикасы Президентінің Тегеранға ресми сапары барысында Мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойылды.

«Мақсатымыз – Агенттік телеөнімдері мен брендін жаңа нарыққа шығарып, ілгерілету. Тиісінше, кәсіби және техникалық тұрғыдан өзара тәжірибемізбен және телеөнімдерімізбен алмасуды,  бірлескен жобаларды іске асыруды, Иранның БАҚ саласындағы іс-шараларына қатысуды көздеп отырмыз», - деді «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли.        

Анықтама үшін: IRIB (Islamic Republic of Iran Broadcasting) телерадиохабар тарату компаниясы – 1979 жылы құрылған Азиядағы ең ірі медиакомпаниялардың бірі. Иранның жетекші хабар таратушысының құрамына 12 ұлттық телеарна, 4 халықаралық жаңалықтар арнасы, халықаралық аудиторияға арналған 6 спутниктік арна, сондай-ақ 30 аймақтық арна кіреді. Барлық телеарналарды спутниктік және кабельдік теледидар арқылы көруге болады.


Хронометраж
Категория Jourt
Автор Жiбек Рахым
Дата 20.06.2022

Актуальное в других разделах

Maktub
Шолпан Жабаева
JourEQ
Анжела Гарипова
Я
Поколение возможностей