Страна

Теги:

«Хабар 24» телеарнасы хабар тарату аумағын кеңейтуде.

Енді қазақстандық жаңалықтар Қырғызстандағы көрермен назарына ұсынылады.

Жуырда «Хабар» Агенттігі мен Қырғызстан Республикасындағы Life-Stream стримингтік платформасының өкілдігі көрші мемлекет аумағында ретрансляциялау туралы уағдаластыққа қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында «Хабар» Агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігі және ГФР-дағы ҚР Елшілігінің қолдауымен интернет-теледидардың ірі провайдері Kartina.TV-мен келісімге келді. Айтулы құжат «Хабар 24» арнасы контентінің дүние жүзінің көптеген елдерінде, оның ішінде Еуропа елдерінің аумағындағы кабельдік телевидение тұтынушылары үшін қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, «Хабар 24» телеарнасын Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан және Моңғолия аумағында кабельдік хабар тарату арқылы көруге болады.


Хронометраж
Категория Jourt
Автор Айнур Асылбеккызы
Дата 26.06.2022

Актуальное в других разделах

Maktub
Шолпан Жабаева
JourEQ
Анжела Гарипова
Я
Поколение возможностей