Страна

Теги:

«Хабар 24» телеарнасының Оңтүстік Кореядағы меншікті тілшісі Владислав Цой «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының «Үздік тележурналист» номинациясын жеңіп алды.

Сыйлықты салтанатты тапсыру рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ұлттық бәйге жеңімпаздары қазақстандық телевидениені дамытуға қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы және  «Тұмар» авторлық мүсінімен марапатталды.

Биыл «Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық сыйлығына 10 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Ең көп өтінім «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік тележурналист» және «Үздік тележүргізуші» номинацияларына тапсырылды. Ұлттық телевизиялық бәйгеге 2021 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Хабар» Агенттігінің төрт жобасы және екі қызметкері «Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық сыйлығының шорт-парағына енді.

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың негізгі мақсаты - кәсіби қоғамдастықтың жыл сайынғы әділ бағалауы арқылы қазақстандық теле индустриясының дамуын ынталандыру болып табылады.


Хронометраж
Категория Jourt
Автор Жiбек Рахым
Дата 29.06.2022

Актуальное в других разделах

Maktub
Шолпан Жабаева
JourEQ
Анжела Гарипова
Я
Поколение возможностей